6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Елдің солтүстігінде, батысында, орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аймақтарда жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай болжанады.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.