Құжаттар мерзімінің аяқталатыны туралы SMS-хабарлама жолданады
Енді қазақстандықтар жеке немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы ұялы телефон нөміріне жолданатын SMS арқылы алдын ала хабардар болады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.
Мақсат – азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, яғни айыппұл түріндегі қосымша қаржылық жүктемені азайту.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабымен жеке куәлік мерзімі 10 күннен 1 айға дейін өтіп кетсе – ескерту, 1 айдан астам уақытқа – 7 АЕК немесе 21 441 теңге айыппұл қарастырылған.
Енді мобильдік азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына SMS-хабарлама алады. Ол үшін электрондық үкімет порталындағы (eGov.kz) жеке кабинетте ұялы телефон нөмірі көрсетілуі керек.