» » Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді


Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», – делінген хабарламада.

Ведомство, алайда мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

«Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған», – деп атап өткен ведомстводан.
13 сәуір 2022 ж. 395 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 023

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30