» » Тоқаевтың күйеу баласы заңға түзету енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады

Тоқаевтың күйеу баласы заңға түзету енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады

Алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізіліп, президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте басшы лауазымдарын атқаруға заңды түрде тыйым салынады. Әділет министрі Қанат Мусин осы лауазымдардың тізіміне дипломаттар да кіретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 


Заңға түзету енгізілгеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың күйеу баласы Теміртай Ізбастин қызметінен босатылатын болады. 

"Конституцияға президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте саяси лауазымдарды атқаруға тыйым салу тетігі енгізіледі. Ол үлкен тізім, оған белгілі бір дәрежесі бар дипломатиялық қызметкерлер де кіреді", - деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл ретте тілшілер Тоқаевтың туысын қызметтен ала ма, жоқ па, осы мәселені нақтылап беруді сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, Конституция талаптары барлығына ортақ болады.

"Жаңағы тыйым енгізілген бойда барлығы заң бойынша жасалады. "Қызметтен алып тастайды" деген сөз кеңес дәуірінен қалған термин шығар. Ол кісі қызметін босатуға тиіс, себебі заң бойынша оны атқара алмайды", - деп атап өтті Мусин.

Айта кетсек, Тоқаевтың қарындасы – Қарлыға Ізбастинаның күйеуі Теміртай Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып жүр.
18 сәуір 2022 ж. 97 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930