» » Биыл кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі?

Биыл кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі?

15 сәуірден бастап қандай қаржы аударымдарының табыс болып есептелетінін белгілейтін Қаржы министрлігінің мобильді аударымдар туралы бұйрығы күшіне енді.

Жаңа ережелер үш кезеңде жүзеге асады. 2023 жылы мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің деректері ғана беріледі. 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен компания басшылары қосылады. Ал тек 2025 жылдан бастап – тұтынушылардың басқа санаттарына қатысты болмақ. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Гүлжамал Шортанбаева мәлімдеді.

«Жаңа бұйрық негізінде барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат негізсіз тарауда. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Тек 2025 жылдан бастап әлеуетті «бұзушылар» тәуекелдерді басқару жүйесімен анықталатын болады, оның өлшемшарттарының бірі – бір адамға күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан көп аударым түсіру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгісі ретінде негізге алынады. Егер де жеке тұлға мобильді аударымдар жасайтын болса, банктік құпияны сақтау талаптары бойынша аударымдар туралы ақпарат кірістер органдарына берілмейді. Бұл бұйрық жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, ҚР заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудың алдын-алуға бағытталған. Салық салу туралы толық ақпаратты 1414 телефоны арқылы білуге болады», – деді Гүлжамал Шортанбаева.

Сонымен қатар, басқарма басшысы жеке кәсіпкерлерді «e-Salyq-Business» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырып, бұл арқылы онлайн режимде бірнеше қызмет түрін алуға болатындығын және кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдететіндігін атап өтті.
Мәселен, мобильді қосымша жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді.
20 сәуір 2022 ж. 230 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930