» » 20 СӘУІРДЕН БАСТАП ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕГІНДЕГІ СУ АЙДЫНДАРЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

20 СӘУІРДЕН БАСТАП ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕГІНДЕГІ СУ АЙДЫНДАРЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Арал-Сырдария бассейні бойынша шектеулер мен тыйым салулар:Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында
20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында
1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады.

Тыныштық аймағын құру мақсатында Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 км, Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салынғандығын хабарлаймыз.
21 сәуір 2022 ж. 157 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930