Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырды

Семинар аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының фронт офистері үйлестіру басқармасының басшысы Гүлназ Бадрақова облыстық әділет департаменті мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамамандарына «Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында Гүлнәз Бадракова мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде жүзеге асыру мен электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау мүмкіндігінайтып өтті. Бұдан бөлек ұялы телефон арқылы қызметтерді алу, жүргізуші куәліктерін қашықтан ауыстыру сынды жаңадан қосылған қызметтерді таныстырды. 1414 Біріңғай байланыс орталығы арқылы аудио-байланыс және бейне-байланыс арқылы қызмет алу мүмкіндіктерін тәжірибе түрінде көрсетті.