» » «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының төрағалығымен «АМАNАТ» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі болып өтті. Аталған съезде Мемлекет басшысы өзінің партия қатарынан шығатынын және «ADAL» партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды. Мемлекет басшысының партия қатарында болмауын Мемлекет басшысы партияларға тең мүмкіндік беріп, нағыз әділ Қазақстанды құру екенін айтып өтті. «ADAL» партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы өзара тиімді, екі партияға да пайдалы. Бұл әлемдік тәжірибедегі қалыпты жағдай. «ADAL» көп жылдық тарихы мен танымал көшбасшылары бар, өзінің қалыптасқан электораты, жақтаушылары, ресурстары, саяси тәжірибесі бар партия.
Бүгінгі таңда «АМАNАТ» партиясы трансформациялық өзгерістерді өте сенімді әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда. «АМАNАТ» партиясы БАҚ пен ақпараттық ресурстар бойынша да нәтижелі жұмыстар көрсетуде. Атап айтқанда, партиялық баспасөз орталығы іске қосылды, «Тalqylau» жаңа диалог алаңының да ауқымы кеңейе түсуде. Өңірлердің барлық шалғай елді-мекендерінде мобильді қоғамдық қабылдау жүргізілуде.

Бүгінгі съезден кейін партияның жобалары жаңа серпін алып, бүкіл еліміздің қарапайым азаматтарының игілігі үшін жүзеге асатынына сенімдімін.


«ADAL» партиясы мен «AMANAT» партиясының халық игілігі жолында мақсат-міндеттерінің айқын болып, жаңа Қазақстанды құрудағы жұмыстарына сәттілік тілеймін.


Мұстафаева Қаншагүл,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы
26 сәуір 2022 ж. 108 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031