Қызылордада мереке күндері 500-ден аса іс-шара өтеді
1 мамыр – Қазақстан халықының бірлігі күні мерекесіне орай кең көлемді іс шаралар ұйымдастырылады. Облыстың негізгі мәдени шарасы – 1 мамыр күні сағат 9:00-де орталық алаңда өтеді.
Шара барысында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, этнос өкілдерінің тарихи экспонаттары мен қолөнер көрмелері ұйымдастырылады. Мерекелік концертке эстрада әншілері мен жергілікті өнерпаздар қатысады. Сонымен қатар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған шаһарлардың негізгі идеологиясы «Бейбітшілікті қорғау» тезисі болуы тиіс. Ал Ұлы жеңістің 77 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн.114 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі.

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде өңірдің мәдени ұйымдарында 500-ден аса іс шара ұйымдастырылады. Алдағы болатын мерекелерде облыста бірқатар ауқымды шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, облыс музейлерінде «Қазақстан бірлік пен татулық мекені» атты он күндік көрме, облыстық кітапханаларда ашық есік күні өтеді. Бүгін «Тәуелсіздіктің басты тірегі – татулық» тақырыбында түрлі ұлт өкілдерінің бас қосуы өтсе, 1 мамырда «Қазақстан – достықтың берік тұғыры» атты онлайн шығарылымға ұласатын болады. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлы дала ұландары» атты кітап көрмесі және Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында салтанатты шара өтеді. Ал 9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне орай «Отан үшін от кешкендер» атты еске алу кеші, «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты көрмелер ұйымдастырылады», – деді облыстық мәдениет және спорт басқармасының өкілі Жанат Құрамысова.«Алдағы мейрам күндері спорттан ауқымды іс шаралар ұйымдастырылатын болады. Ұлттық спорттық сайыстар, белбеу күресі, грек-рим күресі ұйымдастырылады. Сонымен қатар 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай әуесқойлар арасында стенд атудан турнир өтеді»,- деді облыстық мәдениет және спорт басқармасының өкілі Асылжан Жаманқұлов.