Аудан әкімі А. Есжановтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық. Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Еліміздегі бекем бірлік - біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Елімізде қалыптасқан ұлттардың тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы да Қазақстанды мекендеген халықтардың достық қарым-қатынасының жемісі.
1 мамыр - кезінде тағдырдың жазуымен кеңқолтық қазақ елінің жанашыр құшағынан пана тауып, бүгінде қасиетті қазақ даласының төл перзенттеріне айналған сан түрлі ұлыс өкілдері үшін де ұлық мереке. Осы тұрғыдан алғанда 1 мамырды жай ғана мереке емес, достық, бауырластық мерекесі, туысқандық пен қоғамдық келісім мерекесі десек жарасады.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Тамыры терең, тарихы кенен, қойнауы шежіреге толы жалағаштықтардың да қай кезде де ел бірлігі мен ұрпақ саулығы, ұлт амандығы жолында атқарған жарқын істері көпке үлгі.
Қадірлі жерлестер!
Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ырыс-несібесі арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!