» » 3 мамырға арналған ауа райы болжамы

3 мамырға арналған ауа райы болжамы


3 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің таулы аудандарында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
03 мамыр 2022 ж. 105 0