» » Сырдария өзеніндегі су деңгейі төмендеп барады

Сырдария өзеніндегі су деңгейі төмендеп барады


Бүгінде Сырдария өзенінен облыс аумағына секундына 520 текше метр су тасталуда. Қазіргі таңда Шардара су қоймасында 4,81 млрд.текше метр су, Көксарай су реттегіш қоймасында 139 млн.текше метр су жинақталды. Ал Қызылорда су торабынан Сырдарияның төменгі ағысына жіберілген су көлемі 56 текше метрді құрады. Су деңгейінің азаюына байланысты ауыл шаруашылығы дақылары, оның ішінде күріш дақылын 78 346 гектарға егу межеленген.

Шардарадан жоғары орналасқан су қоймаларында жинақталған су көлемі 16,7 млрд.текше метр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,1 млрд.текше метрге артық. Сырдария өзені бассейіндегі ең үлкен су қоймасы Тоқтағұлда 10,0 млрд.текше су бар. Бүгінгі кезде Көксарай су реттегішінде жинақталған судың көлемі 140 млн.текше метрді құрады, – деді Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының бөлім басшысы Сейітхан Абуов.

Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі судың тапшылығы көлдердің құрғауына, ауыл шаруашылығы дақылдарының азаюына әкелуде. Осыған сәйкес су тапшылығына байланысты 20 жоба іске асырылмақ.

Биыл жалпы ұзындығы 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жаңақорған ауданында Сырдария өзеніндегі үрмелі су тоспасының істен шығуына байланысты Келінтөбе магистралды каналы суландырылмақ. Сондай-ақ, Келінтөбе магистралды каналының 9,2 шақырымы тазаланып, қосымша секундына 14-15 текше метр су беру көзделген, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Айтжанова.Облыс бойынша барлық каналдардан секундына 424 метр секунд су алынуда. Дегенмен, Сырдария өзенінде күрделі су тапшылығы болуы мүмкін. Әсіресе бұл жағдай Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында қатты сезіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, 55 927 гектарға күріш дақылы егіледі. Қала және аудандар бойынша күріш дақылын егу жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтау туралы хат жолданды. Қарапайым шаруа иелері де су тапшылығын ескеріп, егіс көлемін азайтуы керек. Олай етпеген жағдайда қиын жағдайға ұшырауы мүмкін, – деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.
18 мамыр 2022 ж. 68 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930