» » 22 мамырға арналған ауа райы болжамы

22 мамырға арналған ауа райы болжамы

ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Елдің солтүстік-батысында топырақ бетінде үсік күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түркістан облысының басым бөлігінде найзағай, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ, дауыл, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, түнде таулы аудандарда екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі 18-23, екпіні 29 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, түнде облыстың шығысында найзағай, дауыл күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облысының оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі түнде облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облысының оңтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, жел 15-20, күндіз облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, облысының солтүстік-шығысында бұршақ, күндіз облысының батысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 17-22 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, желдің күшеюі түнде облысының солтүстігінде шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, облысының батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, күндіз бұршақ, найзағай күтіледі.

Павлодар облысының күндіз солтүстік жартысында найзағай, облысының батысында шаңды дауыл, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
22 мамыр 2022 ж. 54 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930