СОТТЫЛЫҚТЫ АЛЫП ТАСТАУ ТЕК СОТ ҚҰЗЫРЫНДА
Соттылықты жою маңызды сот процедурасы болып табылады, оның оң шешімі шыққаннан кейін кез-келген азамат сотталмаған болып саналады. Осы орайда ескерте кететін жайт – соттылықты алып тастау тек сот құзырында екенін білген жөн.
Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, онда сот оның өтінішхаты бойынша соттылықты алып тастай алады. Алайда ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қылмыстың қайталануы немесе қылмыстың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға соттылықты алып тастау қарастырылмаған. Соттылықты алып тастау сот құзырына жатады және сотталған адамның өтінішхаты бойынша қаралады. Осы мәселені сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейтін сот шешеді. Соттылықты жою немесе алып тастау өмір бойына тағайындалған қосымша жаза түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, Қылмыстық кодексте көзделген барлық қылмыстық-құқықтық салдарлардың күшін жояды.
Мәселен Қылмыстық кодекстің 77-бабының 1,2-бөліктеріне сай, қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылығы өтелген немесе алып тасталған кезге дейін сотталған болып есептеледі. Соттылық қылмыстың қайталануы, қылмыстың қауіпті қайталануы айқындалған кезде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі. Жазадан босатылған, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған адам соттылығы жоқ деп танылады. Қылмыстық заңда соттылықты алып тастаудың екі әдісі қарастырылған, ол соттылықты жою немесе соттылықты алып тастау. Соттылықты жою сот актісін қажет етпейді, ол сот үкімімен
тағайындалған жазаны өтегеннен кейін белгілі мерзімнің ішінде жойылады. Атап айтқанда:
-шартты түрде сотталған адамдарға қатысты-пробациялық бақылау мерзімі өткен соң;
-бас бостандығынан айыруға қарағанды жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдарға қатысты-жазаны іс жүзінде өтеген соң;
-онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты-жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткен соң;
-ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты-жазаны өтегеннен кейін алты жыл өткен соң;
-аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өткен соң жойылады.
Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықты жою мерзімі негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, соттылықты жою мерзімі жазаның негізгі түрін өтеу кезінен бастап есептеледі.

А.А. МИЗАНБАЕВ,
Жалағаш аудандық сотының төрағасы
Жалағаш аудандық сотының төрағасы