26 мамырға арналған ауа райы болжамы

Екатеринбург облысынан келетін циклон Қазақстан аумағына әсер етеді және республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының орталығында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.