» » Назарбаев Астананың 20 жылдығын «шығынсыз» атап өтуді тапсырды

Назарбаев Астананың 20 жылдығын «шығынсыз» атап өтуді тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 20 жылдығына арналған мерейтойды «шығынсыз» атап өту үшін бағдарлама құрастыруды тапсырды.

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысының бұл тапсырманы  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзінде Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігіне берді.
«Биыл сіздермен бірге Елорданың 20 жылдығын атап өтеміз. Астана – бүкілұлттық бірлік пен келісімнің үлгісі. Кезінде шағын гиберниялық қала болған Ақмола бүгінде миллионнан астам тұрғыны бар Астана қаласы болды. Жақында біз қаланың одан әрі дамуын қарастырдық және 2020 жылға қарай қала халқы екі миллионға жететінін анықтадық. Осылайша, біз Астана секілді бірнеше мегаполистерге ие болғымыз келеді. Егер Астана халқы 2 миллион болса, онда Алматыда шамамен үш миллион болады, сол сияқты Шымкент тұрғындарының саны миллионға жетеді», – деді Назарбаев.
Мемлекет басшысы мұндай ірі қалаларда мәдениеттің, технологияның, ғылымның дамып келе жатқаны, өте маңызды екенін атап өтті.
«Сонымен қатар, урбанизация жүріп жатыр, адамдар қалаға қарай ағылуда. Ал біз мұны білуіміз керек. Осылайша, Астана Отанымыздың барлық шет аймақтарынан келгендердің «қазандығына» айналды. Мұнда жұмыс істегісі келгендердің барлығы өз үйін, бақытын, жұмысын тапты. Сондықтан, Астана әкімдігі  МСМ бірлесіп, мерейтойға арналған барлық іс-шараларды елеусіз, шығынсыз қалай атап өтуге болатын бағдарламаны әзірлеуі керек», – деді Елбасы.

http://stan.kz

02 мамыр 2018 ж. 983 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031