ҚР Қарулы Күштерінің 19 мүшесі генерал атанды
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев әскерилерге шен тапсырды.
Салтанатты шара Ақордада өтті. Онда генерал шенінен бөлек, әскерилер “Даңқ”, “Айбын”, “Құрмет”, “Ерлігі үшін” орден-медальдары табысталды. Оның ішінде екі баланы өрттен құтқарған алматылық сарбаз Ғалымжан Әлеуханов, қарағандылық Виталий Калмыков “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.
Марапатталғандардың ішінде жемқорлықпен күрес агенттігі басқарма басшысының орынбасары Эльмира Омарова “Құрмет” орденін алды.
“74 жыл совет одағының астында болғанда қай адамға генерал тапсырылды? Бүгін бір күннің ішінде 22 атақ берейін деп отырмын. Тәуелсіздік алаңында елдің әскерін басқаратын генерал іздеп, жалғыз Нұрмағанбетовты тапқан едім. Естеріңен шығырмаңдар осыны. Ел болған соң, тәуелсіз Қазақстан болған соң, өз Бас қолбасшыларың өз қолынан сендерге осындай атақ береді”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
https://osken-onir.kz
Пікір 1