Қазақстанның әр өңірі Астананың мерейтойына қандай сыйлық тарту етті
Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның әр өңірі естелік ретінде елордаға ерекше сыйлық тарту етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Қарағанды облысының сыйлығы
«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қарағанды облысы елордаға бір емес екі сыйлық тарту етті. Енді астаналықтар Қарағанды облысының атынан салынған «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткіші мен «Ұлытау» аллеясында серуендей алады. Екі нысанның тұсаукесері ағымдағы жылдың 2 шілдесінде өтті.
Мәңгілік ел даңғылында бой көтерген маңызды нысанның құрылысының да бітуіне аз қалды.
Жаңа асфальт, тастар, ротондар, шамдар және орындықтар орнатылғаннан кейін ашық аспандағы мұражай да дайын болады.
Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тайхан Қалмаханов «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткіші мен «Ұлытау» аллеясының астаналықтарға ұнайтынына сенімді.
Ұзындығы 250 метр, ені 55 метр болатын «Ұлытау» аллеясы Түркістан көшесі мен Мәңгілік ел даңғылындағы «Триумфальный арканың» бойында орналасқан.
Ал, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне келсек, бұл төрт мүсіндік композицияның 4 мүсіндік құрамы. Ескерткіштің жалпы биіктігі 13,35 метрді құрайды (оның ішінде: ескерткіш 7,0 м, пестанция – 6,35 м).
«Ескерткіш репрессия кезінде босқын балаларды, яғни корей және кавказ ұлтының балаларын, сондай-ақ еуропалық қызды қамқорлығына алған қазақ әйелін бейнелейді.
Қалмахановтың айтуынша, жоба көлемі жарты миллиардтан астам теңгені құрады. Жұмыста қарағандылық «Қазақмыс» корпорациясы және Қазақстандық коммуналдық жүйелер компаниясы (ККС) демеушілік көрсеткен.
Сондай-ақ, Қалмахановтың айтуынша, Астанада аллея мен монумент үшін тамаша орын бөлінді, онда адамдар тек демалып қана қоймай, Қазақстанның тарихымен де таныса алады.
Алматы облысының сыйлығы
Сонымен қатар, басқа өңірлер де астаналықтарды қуантуда шетте қалмады. Астананың мерейтойы орай Алматы облысы елордадағы Арай саябағын адам танымастай етіп өзгертіп, оның атауын «Жетісу» деп өзгертті.
Саябаққа кірерде Жетісудың жеті өзені мен облыстың таулары, оның ішінде дәл ортасында даңқты Хан-Тәңірі шың бейнеленген арканы көруге болады. Осылайша, Елорданың 20 жылдығына орай Алматы облысы «Арай» саябағын қайта құрып, жетілдірді. Саябақтың тек сыртқы келбеті ғана емес, сонымен қатар атауы да өзгерген.
Енді «Жетісу» саябағы Жетісудың елордадағы жарқын бөлігіне айналады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та жұмыс қорытындысымен танысып, елорданың мерейтойына орай өткізілген салтанатты шараларға қатысты.
Қайта жөндеуден өткен саябақта жаяу серуендеуді ұнататындар үшін ландшафты-серуендеу орны және тыныш демалыс аймағы бар.
Оның кіре берісінде Жетісуді бейнелейтін жеті арка, субұрқақтары бар басты аллея орналасқан, сондай-ақ тау сілемдерінің көрінісі және киіз үйге ұқсас орын-жайлары бар «Апорт» алаңы, түрлі жастағы балаларға арналған «Тенгри» алаңы, шаған аллеясы, «Тамғалы тас» петроглифтері бейнеленген тастар және Шарын шатқалының үлгісі бар.
Маңғыстау облысының сыйлығы
Ал, Маңғыстау облысы Астананың мерей тойына Достық үйін тарту етпекші.Қазақтың жомарт жері әртүрлі ұлт өкілдерін қонақжайлылықпен қабылдап, оларды бір шаңырақ астында біріктірді.
Егер біздің еліміз осылайша әр түрлі ұлт өкілдерінің алтын бесігі болып саналса, Есіл жағалауында орналасқан Елорданы алтын діңгек деп атауға болады.
Бүгінгі таңда 20 жасқа толатын Астана көптеген ұлт өкілдерінің арманы орындалған ерекше қала болды. Соған орай, Маңғыстау облысы ел астанасының мерейтойына арнап, достықтың нышаны болған Достық үйінің ғимаратын сыйлық ретінде табыс етпек.
Достық үйі еліміздің барлық өңірлерінде, облыс орталықтарында болса да, бірақ Астана қаласында болмаған. Сондықтан маңғыстаулықтар Момышұлы даңғылындағы Үйлену сарайын қайта жөндеуден өткізіп, оның базасында Достық үйін құруды ұсынды.
Ғимараттың бірінші қабатында би залы, асхана, студия болса, екінші қабатта акт залы, кітапхана, киім залы, мұражай, конференц-зал бар.
Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облысының сыйлығы
Сонымен қатар, «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын тұрғызды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.
http://stan.kz