ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Алдағы уақытта Елбасы ұсынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы азаматтардың сауаттылығын арттыру қолға алынады. Жиында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ХҚКО-ның тиімді тұстары жайында өз ойымен бөлісті.
– Электронды ХҚО-ның басты мақсаты – азаматтардың цифрлы технологиялар арқылы қажетті құжаттарына жылдам қол жеткізуін қамтамасыз ету. Өткен жылы ХҚО 37 миллионға жуық адамға қызмет көрсетсе, оның 24 миллионы электронды құжаттарды таңдаған. Жыл өткен сайын қызмет көрсетудің электронды нұсқасына сұраныс көбейіп келеді. Енді цифрлы ХҚО-н еліміздің өзге де қалаларында ашуды мақсат етуіміз керек, – деді Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, бұрын шетелдік азаматтар елімізде жұмыс жасау үшін қажетті құжаттарды жинауына бес күн уақыт жұмсаған. Мұнан өзге де түрлі мекемелерден өтуі тиіс болатын. Ал, миграциялық ХҚО-ның тиімділігі мұнда небәрі бір-екі сағатта бәрін аяқтауға болады. Сол сияқты ведомство басшысы мұндай орталықтардың заңсыз еңбек мигранттарының азаюына да оң әсерін тигізетінін атап өтті.
– Қазіргі уақытта заңсыз мигранттар өздерінің құқықтарын білмейді. Ал, жұмыс берушілер түрлі кедергілерге байланысты шетелдіктерді жұмысқа әкелуден қорқатын. Оған бірден-бір себеп – құжат жинау барысында біраз уақыт жұмсауы. Ал, енді бәрі тез шешілетіндей жағдай жасалып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық тартымдылығымызды арттыруға, туристердің қатарын қалыңдатуға болады деген ойдамын, – деді Министр.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықтың алдын алуда біраз жұмыс атқарылғаны және алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар өз жалғасын табатыны айтылған еді. Ал, еңбек миграциясында көлеңкелі тұстардың да жоқ емес екені белгілі. Осы орайда Ақпарат және коммуникациялар министрі миграциялық және цифрлы ХҚО арқылы аталған мәселені жоюға болатынын атап өтті. Астана қаласы ІІД көші-қон басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышевтің айтуынша, өткен жылы уақытша тіркеуден 160 мың шетел азаматы өткен. Сондай-ақ, 11 мыңы заңсыз жүргендіктен жауапқа тартылған. Оның ішінде 1800-і сот шешімі бойынша елімізден шығарылыпты. Қазақстанға жұмыс істеу мақсатында келгендердің 70 пайызы ала тақиялы ағайындар көрінеді.
Айта кетейік, Астана қаласының А.Иманов көшесінде орналасқан миграциялық ХҚО сағат 09:00 мен 18:30 аралығында үзіліссіз жұмыс жасайды. Мұнда азаматтардың медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтуіне, сақтандыру полисін рәсімдеуіне, сәйкестендіру нөмірін алуына жағдай жасалған. Сондай-ақ, азаматтардың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегін сабақтар өтеді. Ол аптаның әр күнінде бекітілген тақырыптар бойынша жүргізіледі. Бір сағатты құрайтын курста электронды үкімет порталын пайдалану тәсілдері түсіндіріледі. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу жолдары да үйретіледі.

«ЖЖ» ақпарат.