» » ҚР Президенті Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолды ашуға рұқсат берді

ҚР Президенті Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолды ашуға рұқсат берді

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Құрық портындағы көлік хабын таныстыруға арналған шара аясында ұйымдастырылған телекөпір кезінде «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» жолының бірінші кезеңін ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, телекөпір барысында Құрық порты мен «Ақжігіт - Бейнеу» республикалық автожолының құрылысшылары және «Қорғас - Шығыс қақпасы» Арнайы Экономикалық Аймақтағы құрғақ порттың жұмыскерлері байланысқа шықты.  «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бейнеу-Ақжігіт» автожолын қайта салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жол Құрық порты арқылы транзитті арттырып, транскаспийлік дәліздің Өзбекстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен байланысын қамтамасыз етеді. Жолдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне қазіргі 1 мыңнан 7 мың көлікке дейін жеткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Тажен» шекара бекетін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Ондағы өткізу мүмкіндігі екі есе жоғарылайды. «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» жолының бірінші кезеңі іске қосылуға дайын. Қозғалысты бастауға рұқсат сұраймыз»,- деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Ермек Қизатов. Өз кезегінде Мемлекет басшысы аталған жол учаскесінде қозғалысты ашуға рұқсат берді.  «Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің сұрауымен жол құрылысы тездетіліп жатыр. Бұл жол Өзбекстанды Қазақстанмен қосып, аталған елдің жүгін Каспийге алып келуге және біздің порттардың жұмысын жандандыруға үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан, атқарған жұмыстарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін», - деді ҚР Президенті.
11 тамыз 2018 ж. 798 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930