» » Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасай алады

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасай алады



Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, электрондық нысанда жасасып, сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдей алады. Шарттың электрондық нысаны міндетті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі. "Онлайн-сақтандыру енгізілгеннен бастап міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаздағы полистердің айналысы жойылады. Сақтандыру шартын жасасу фактісі сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорға сұрату жіберу арқылы тексеріледі. Автокөлік иелерінің әкімшілік полицияның қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынуы қажет емес. Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатуға, шарттарды офиске бармай-ақ немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы тікелеу жасасу мүмкіндігін береді, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін алуды жеделдетеді", - деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері. Сондай-ақ, сақтандыру компанияларының көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу кезінде 10 пайызға дейін жеңілдік беруге құқылы екені айтылады.


http://www.syrboyi.kz
15 тамыз 2018 ж. 605 3

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 02:36
Zithromax Ok During Pregnancy cheap cialis online Levitra Sus Efectos Secundarios Cialis Prix Andorre

Гость Jeaplause от 3 наурыз 2019 02:46
Misoprostol Cytotec Acheter generic 5mg cialis best price Effetti Collaterali Di Propecia

Stevnoix от 8 мамыр 2019 02:36
Levitra Professional Doxycycline Isotretin Best Website cialis Secure Ordering Fluoxetine Amex Accepted In Internet Cialis Taglich Forum Viagra Commander

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930