» » Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады (видео)

Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады (видео)

ÐÐ°Ñ Ð¼Ò¯ÑÑи ÒазаÒÑÑан ÑалÒÑн ÒÒ±Ñбан Ð°Ð¹Ñ Ð¼ÐµÑекеÑÑмен ÒÒ±ÑÑÑÒÑадÑ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды ислам дінін ұстанушылар үшін ең маңызды діни мерекелердің бірі болып саналатын Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Бас мүфтидің құттықтауы «Әзірет Сұлтан Мешітінің» ресми парақшасында жарияланды, деп жазады Stan.kz.

«Құрметті бауырлар сіздің отбасыларыңызға амандық, саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт – иісі мұсылмандар үшін екі маңызды мерекенің бірі. Біздің халқымыз осы мерекені көптеген ғасырлар бойы атап өтуде, сондықтан оған ерекше қуанышпен дайындалады. Бұл күні ағайын-туыс, дос-жоранның бәрі бір-бірінің үйін аралап, өздерінің ізгі тілектері мен ыстық тілектерін білдіріп, бата береді. Туыстары мен достарының, көршілерінің үйіне барып айттау, қонақтарды жылы қарсы алу, үлкендердің батасын алу ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мұсылмадық дәстүріміз», – дейді Бас мүфти.
Бас мүфти сондай-ақ, Қазақстан халқының осы күнге дейін өздерінің дәстүрлерін ұстанып, дәріптеп жүргенін баса айтып, Аллаға шүкіршілік етті. Ол Тәуелсіздік жылдарынан бастап Құрбан айт мерекесі ұлттық деңгейде аталып жүргенін де атап өтті.
«Аллаға шүкір, салтынан жаңылмаған жұртымыз Тәуелсіздік жылдарында айтты мерекелеу дәстүрін қайта жаңғыртып, ұлттық деңгейде атап өтуге мүмкіндік алды. Елбасының игі бастамасы мен елімізде Құрбан айттың құрметіне демалыс жарияланып, бұл мейрам барша ұлт пен ұлысты бірлік пен іздігікке үндейтін халықтық мерекеге айналды»,-деді Бас мүфти.
«Құрбан» сөзі «жақындау» деген мағына білдіреді. Осы күні мұсылмандар өздерінің ақ ниеті мен ғибадаттарын білдіру үшін Жаратқанға құрбандық шалады. Құрбандықты – материалдық жағдайы жеткілікті және жолаушыламаған әрбір әрбір мұсылман шалуға міндетті. Бұл қасиетті күні мұқтаждарға және жағдайы нашар отбасыларына көмек көрсеткен жөн.
Ертең мұсылман қауымы үшін ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айт мейрамы басталады. Барша мұсылман атап өтетін мейрам үш күнге созылады. Құрбан айт мейрам жыл сайын хижра – мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады.
Сондай-ақ, Арафа күнінің біз білмейтін сырлары және осы күні оқылатын дұғалар туралы оқи отырыңыздар.




Stan.kz

20 тамыз 2018 ж. 1 015 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930