ТАЛАП – ТЕЗ ӘРІ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
Халыққа қызмет көрсету орталығы көлікті электронды тіркеу қызметінде іске қосты. Енді азаматтар ешқайда бармай-ақ, электронды цифрлық қолтаңба арқылы автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында қолға алынған жоба азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесін азайтпақ.
Мәліметтерге сәйкес, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы күніне 3 мыңға жуық қызмет көрсетсе, оның 2 мың 700-і көлікті рәсімдеуге байланысты жасалады екен. Жаңа қызмет түрін пайдалану үшін egov порталына сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайын тексеруге сұраныс жолдау керек. Сәйкесінше, көлікті сатып алушы екіжақты келісімшарт негізінде темір тұлпарды өз атына тіркей алады. Қолданушы электронды порталға электронды цифрлық қолтаңбамен кіру арқылы көлікті тіркеуден шешу қызметін таңдайды. Құжаттарының барлығы толыққанды дайын болып, айыппұл және қарыздары болмаған жағдайда 90 минуттың төңірегінде қызметін ала алады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мемлекеттік нөмірлері адамның өз таңдауымен алынады. Бұрынғыдай автоматты түрде берілмейді. Осы және өзге де сұрақтар бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» МК КЕ АК Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнұр Тобаева жауап берді.
Цифрлық сауаттылық дегеніміз – азаматтардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде пайдалана алу қабілеті мен білімі. Адам капиталын дамыту мақсатында Елбасы бастамасымен қолға алынған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы «Азаматтарға арналған үкімет» тарапынан белсенді жүзеге асырылуда. Бүгінде кез келген құжат мекеменің қатысуымен орындалады. Сондықтан бұл сала ақпараттық жүйенің соңғы үлгідегі артықшылықтарын енгізуді қажет етеді, – дейді
Қазір электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) алу керектігі барлық деңгейдегі жұмыс істейтін адамдарға міндеттелуде. Қарапайым тілмен айтқанда, электрондық цифрлық қолтаңба – қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. Қазір мемлекеттік органдардан анықтамалар алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу тек электронды түрде жүргізіледі.
ЭЦҚ кілтін алу уақытыңызды, бизнесіңізді дұрыс ұйымдастырудағы алғашқы қадам. Себебі, мемлекеттік корпорация адам туғаннан бастап, оның өміріндегі бүкіл кезеңдерді осы электронды кілт арқылы сүйемелдейді. Мысалы, ЭЦҚ-ның көмегімен перзентханадан шықпай-ақ барлық құжаттарға қол жеткізуге болады. Содан соң қарапайым мекен-жай анықтамасын алудан бастап, дәрігердің қабылдауына жазылу, жәрдемақы мен зейнетақы төлемдерін рәсімдеу, тіпті көлік жүргізу куәлігін ауыстыру мен көлікті өз атыңа рәсімдеу және басқа да көптеген қызметті онлайн-режимде алуға болады. Белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шығу «Виртуалды қабылдау» да осы цифрлы кілттің көмегімен жүзеге асады.
Электронды цифрлы қолтаңбаны алу әр азаматтың өз еркінде. Бұл қызметтегі немесе жұмыссыз адамдарға деп бөлінбейді, бәріне бірдей қолжетімді әрі тегін беріледі. Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ЭЦҚ 1 жылға беріледі. Уақыты келгенде мерзімі қайта ұзартылады. Электронды цифрлық қолтаңбаны ұялы телефонға жүктеу арқылы өзіне өзі қызмет көрсету секторының қызметін пайдалануға болады.
Сонымен қатар, egov порталында жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру қызметі іске қосылған. Бұл қызмет азаматтарға туу, өлім, неке, ажырасу, асырап алу, әкелікті анықтау, тегін ауыстыру сынды құжаттамаларын тексеруге мүмкіндік береді. Енді аталған мәліметтерді түзету немесе жетіспейтін мәліметтерді қосу үшін қолданушы портал арқылы керекті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберіп, жіберілген қателерді түзеп алуына болады. Қызмет мерзімі 1 күн және ол тегін негізде көрсетіледі. Жүйені іске қосу үшін 2013 жылдан 2017 жылға дейін архивтік құжаттарды санау бес жыл бойына жүргізіліп, 16 облыстың мұрағаты 1937 жылдан 2008 жылға дейін толығымен сканерленген. Бұның, әсіресе, кеңес кезінде құжатқа көп көңіл бөлмей араға уақыт салып барып құжат заңдастырғандарға, бір жылда екі туған күні бар, не зейнетке бір жыл ерте я кеш шығып жүрген кісілерге айтарлықтай көмек болайын деп тұрғаны сөзсіз.
Қажетті қызметті онлайн алу үшін Сізге, ең алдымен, Халыққа қызмет көрсету орталығына барып Электрондық цифрлық қолтаңба жасату қажет. ЭЦҚ кілтін жасату үшін төлқұжат пен жадтық карта (флеш карта) керек болады. Жасату 10 минут уақытыңызды алады. ЭЦҚ кілтін жадтық картаға жаздыру арқылы Сіз мемлекеттік қызметтердің кез келген онлайн түрін http://egov.kz сайтына кіріп, үйіңізде не жұмыста отырып-ақ ала аласыз.
Енді сұранысқа ие, ең танымал қызметтерді онлайн алу жолдары төмендегідей жүзеге асады.
Дәрігер қабылдауына жазылу үшін:
1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсыру беру» батырмасы бойынша өту;
2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді);
3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) тіркеу туралы анықтамамен танысу;
4. Белгіленген уақытта емханаға жүгіну;
5. Қызмет көрсету нәтижесі ˗ портал бойынша жеке кабинетке электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама жіберіледі.
Ескерту! Тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тіркелу қажет, олай болмаған жағдайда қызмет көрсетілмейді.
Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру және зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу үшін:
1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту;
2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті);
3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.
Мекенжай анықтамасын онлайн түрде алу да дәл осылай іске асады. Тек ескерте кететін бір жәйт, бұл қызмет түрін портал арқылы тек жеке тұлғалар ғана ала алады, ал заңды тұлғалар анықтаманы алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» Telegram-бот арқылы мемлекеттік қызметтерді де көрсетеді. Оның саны күн санап артып келеді. Бүгінде Телеграмдағы @EgovKzBot арқылы қолжетімді қызметтердің саны 13-ке жетті. Ботпен мекенжай, жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы, сотталған-сотталмағаны туралы анықтамаларды сұрата аласыз. Одан басқа, пайдаланушылар әлеуметтік мәртебесін тексеру, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратпен танысу, емханаға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекке тұру, брондау мүмкіндіктері берілген. Ол үшін тек мобильді азаматтар базасына тіркелсеңіз болды.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.