» » Назарбаев: Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек

Назарбаев: Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек


Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
– Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Baq.kz
27 тамыз 2018 ж. 845 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930