» » 2018 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал

2018 жылдың қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал


Қыркүйек айы келісім мен махаббатқа толы болады. Күз маусымын қарсы алуға дайындалған адамдардың өзара түсіністігі артып, мейірімдірек бола түседі. Сондықтан күздің алғашқы айында ғаламшар тұрғындарының көбіне сәттілік серік болып, ойға алған жоспарлары, арман-мақсаттары орындалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Тоқты. 2018 жылдың қыркүйек айы тоқтылар үшін сәтті уақыт болмақ. Бұл мезгілде аталған жұлдыз белгісінде туылған адамдардың жеке өмірінде үлкен өзгеріс орын алады. Жұлдыздар оларды өмірінің барлық саласында қолдап, барлық мәселесі мен қиындығының тереңіне үңіліп, шешімін табуға мүмкіндік пайда болады.
Күздің алғашқы айы тоқтыларға адамдармен көбірек қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін сыйлайды. Бұл ретте аталған жұлдыз белгісінің өкілдері өзінің жеке қасиеттері мен тіл табысуға шеберлігін таныта алады. Тоқтылардың жылы шырайлылығы, көмек қолын созуға әзірлігі жаңа таныстарына жақсы жағынан танылуға көмектесіп, әрі қарайғы қарым-қатынасы мен достығының нығайуына оң ықпал етеді.
Көпшілдігіңіздің арқасында бұл айда жұмысыңыз оңай әрі жеңіл бола түседі. Таныстарыңыздың көптігі, қарым-қатынасыңыздың жақсы болуы себепті, жұмысыңыздағы мәселелерді жылдам әрі ештеңені жоғалтпастан шешу мүмкін болмақ. Оның өзіңізге пайдасы да мол. Барлық жағдайдың осылайша оңтайлы болуы қыркүйек айында қызметіңізден бұрын, отбасыңыз бен жақындарыңызға көбірек көңіл бөлуіңізге мүмкіндік сыйлайды.
Торпақ. 2018 жылдың қыркүйек айы торпақтардан барлық жайтқа сақ болып, әр істің мән-жайына үңілуді талап етеді. Осы айда болатын түрлі жағдай өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге көптеген мүмкіндік береді. Сондықтан қапы қалмағаныңыз жөн. Бастысы, берілген мүмкіндікті дер кезінде байқап, қолданудың ретін біліңіз.
Ғаламшардың қыркүйек айындағы орны торпақтар үшін өте жайлы болмақ. Яғни өмірінің барлық саласына өзгеріс енгізу мүмкіндігі пайда болады. Бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің бүкіл ай бойы көңіл-күйі көтеріңкі болатындықтан, ұсақ-түйектер мен маңызсыз жайттарға назар аудармайды. Торпақтар үшін ең маңыздысы – осындай жақсы көңіл-күйді айдың аяғына дейін сақтауға тырысу.  Сонда ойға алғаныңыздың бәрін жүзеге асыра аласыз.
Жұмысыңыздағы қиындықтарды айдың басында шешіп алғаныңыз абзал. Бұл уақытта аталған жұлдыз белгісі өкілдері мақсатта жетудегі табандылығы, күшті рухы мен батыл шешім қабылдай алғыштығымен ерекшеленеді. Демек алдыңыздағы кез-келген мәселені жылдам әрі сапалы шеше аласыз.
Егіздер. 2018 жылдың қыркүйек айы егіздер үшін сәтті әрі табысты уақыт болады. Десе де бұл кезеңде біраз тер төгуге тура келеді. Себебі бос отыруға уақытыңыз да, мүмкіндігіңіз де болмайды.
Егіздер үшін бұл айда ең бастысы, бір орында тоқтап қалмай, алға қарай жылжуыңызда жалғастыру. Соған қарамастан, асығыстық танытпағаныңыз абзал. Әр мәселеге жіті мән беріңіз.
Бұл кезеңде Күн және  Сатурн тәрізді ғаламшарлап егіздерге ықпал ететін болады. Дәл осы себепті олар бір уақытта бірнеше мәселені сәтті шеше алады. Күн аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне қажетті күш-қуат берсе, Сатурн табандылығын арттырады.
Сонымен қатар күздің алғашқы айында егіздердің мінез-құлқы да өзгереді. Көп шаруаны атқарып, шаршағандықтан, ашушаңдық пайда болуы мүмкін. Десе де сабырлық танытып, ашуға бой алдырмағаныңыз жөн. Сонда ай соңында бұған дейінгі еңбегіңіздің жемісін көресіз.
Шаян. 2018 жылдың қыркүйек айы шаяндар үшін қарбаласқа толы әрі табысты кезең болады. Нәтижесінде өміріңіздің көптеген саласында оң өзгеріс орын алады.
Шаяндардың өміріндегі кей дүниелерді, жұмысындағы бірқатар мәселені шешу үшін бұған дейін жұмсаған күші мен еңбегі осы айда өз жемісін береді. Десе де барлығы жоспар бойынша жүзеге асуы үшін, ай ортасында біраз тер төгіп, әбігерге түсуге тура келеді.
Сонымен қатар шаяндардың отбасында да оң өзгерістер күтіп тұр. Бұл кезеңде отбасыңызда, туыстарыңызда қуантатын жайлар көбейеді. Сондықтан ай соңына дейін көңіл-күйіңіз керемет болатынына сеніңіз. Сондай-ақ, қыркүйектің ортасынан кейін өміріңіз ешкім күтпеген керемет жағдайларға толады.
Арыстан. Аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін биылғы жылдың қыркүйек айы тосын жайттарға толы болады.
Бұл айда арыстандар тым сезімталдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар батыл шешім қабылдау талап етілген кезде қорқақтық танытады. Сондықтан маңызды істерді атқарып, қызметіңіздегі мәселелердің шешуге асықпаған жөн. Егер бейтарап қалу немесе ағыспен жүзу мүмкіндігі туса, жібермеуге тырысыңыз. Қазір белсенділік таныту үшін сәтті кезең емес. Ал егер мұндай мүмкіндік тумаса, сабырлық танытып, сезіміңіз бен көңіл-күйіңізді білдірмегеніңіз абзал.
Қыркүйек – арыстандар үшін жалғыз қалуға қолайлы ай. Сондықтан жиі жалғыз қалып, өміріңізде болып жатқан жайттарды ойша шолып, жан-дүниеңізге мән беріңіз. Сізге даналыққа толы кеңестер беріп, күш-қуат сыйлап, ынталандыратын кітаптар оқыңыз.
Бұл айда уақытыңыздың басым бөлігін саябақта немесе табиғат аясында өткізуге тырысқаныңыз ләзім. Нәтижесінде теріс әрі жаман ойлардың дендеуіне жол бермей, өміріңізден ләззат ала аласыз.
Бикеш. 2018 жылдың қыркүйек айында аталған жұлдыз белгісі өкілдері өз істерін атқарып қана қоймай, туыстары мен жақындарының жағдайына мән бергені жөн. Бәлкім, дәл осы кезеңде әлдекім сіздің қолдауыңыз бен көмегіңізге мұқтаж болар. Алайда сіз үнемі бос болмағандықтан, жақыныңыздың көмегіңізге зәрулігін байқамауыңыз мүмкін.
Астрологтардың пікірінше, бұл ай бикештер үшін тосынсыйға толы болады. Алайда көп уақыт бөлуіңізді талап ететін шаруалар пайда болып, әбігерге түсуіңіз ықтимал. Сондықтан уақытыңызға мән беріп, әр минутының бағалы екенін естен шығармағаныңыз абзал. Керісінше жағдайда, жоспарларыңыздың бәрін орындай алмауыңыз мүмкін.
Бұл айда бикештер өзінің ұйымдастырушылық, кез-келген жағдайда нақты әрі дұрыс шешім қабылдау алы қасиетін танытып, ешкімді алдамауға тырысқаны абзал.
Және күздің алғашқы айында басы бос бикештер өмірлік серігін тауып, кейбірі шаңырақ көтеруі мүмкін.
Таразы. Бұл айда таразы жұлдыз белгісі өкілдеріне көп еңбектенуге тура келеді. Алайда қиындықтан шығар жол табылмайтындай көрінетін кезде де босаңсымаңыз. Қаншалықты көп еңбектенсеңіз, жемісінің де соншалықты тәтті боларын ұмытпағайсыз. Сонымен қатра кез-келген маңызды шешім қабылдар кезде жақындарыңыздың кеңесіне құлақ асқаныңыз жөн. Осы орайда достарыңызбен, бұрынғы таныстарыңызбен қарым-қатынасыңызды қалпына келтіріңіз.
Қыркүйек айында бұған дейін жоспарлап жүрген дүниелеріңізді жүзеге асыру арқылы өміріңізді өзгерте аласыз. Бұл кез-келген бастаманың сәтті боларын аңғартпайды. Сондықтан кей жағдайда жеңіліс пен сәтсіздікті көтере біліп, сабақ алғаныңыз ләзім. Сонымен қатар берілмеңіз. Өмір сізге әлі талай жеңіс пен табыс сылайды.
Десе де айдың соңында дұшпандарыңыз бен теріс пиғылды адамдардан сақтанғаныңыз абзал. Әр әрекетіңізде сақтық танытыңыз. Сонымен қатар туыстарыңыз бен жақындарыңыздың әрекетіне де мән беріңіз. Олардың кейбірі сіздің табысыңыздың есебінен күн көруді жоспарлап жүрген болуы ықтимал.
Сарышаян. 2018 жылдың қыркүйек айы – аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін табысты әрі сәтті кезең. Сонымен қатар бұл ай алдыңғысына қарағанда тиімді болып, бастаған ісіңіздің бәрін соңына жеткізе аласыз. Жаңа таныстық, достық орнатып, өмірлік серініңізді табу үшін де қыркүйек айы сәтті болады. Ал айдың соңында маңызды шешім қабылдауыңыза тура келеді.
Сарышаяндар өзгелермен қарым-қатынасқа түспестен бір күн де өмір сүре алмайды. Олар – тыныштықты ұнатпайтын жандар. Үнемі дамып, жаңа дүниені үйренуді қалайды. Сондықтан адамдармен жиі сөйлесіп, серуендеңіз. Отбасыңызбен, жақындарыңызбен көп уақыт өткізгеніңіз жөн.
Десе де бұл айда сарышаяндар біраз қателікке жол беруі мүмкін. Алайда ешкімнен көмек күтпеңіз. Себебі бұған дейін көмек қолын созып, қолдау білдіруге уәде еткен адамдар сөзінен тайқып, үмітіңізді ақтамауы мүмкін. Сондықтан бұл айда жолыңыздағы қиындықтармен жалғыз өзіңіз күресуге туралы келеді.
Алайда жұлдыздар көңіл-күйіңізді түсірмеуге, құлазымауға кеңес береді. Адамдардан түңілмеңіз. Себебі жақында өміріңізде үлкен қолдау көрсетіп, сіз үшін барлығына дайын адам пайда болады.
Мерген. Бұл айда мергендер бұған дейін қолға алған істерінің бәрін соңына жеткізуі тиіс. Сонымен қатар олардың дәл қазір бастаған кез-келген ісі табысты болады. Десе де айналаңыздағыларға мән бергеніңіз жөн. Себебі олардың кейбірі сізді ұнатпауы және кей ісіңізде кесірін тигізуі мүмкін.
Мергендер үшін қыркүйек айы ең сәтті кезең болады деп айта алмаймыз. Алайда бұған дейінгі айларға қарағанда, дәл осы кезеңде барлық ісі алға басып, жемісін бере бастайды.
Мергендер табиғаты бойынша өте сезімтал болғандықтан, айналасындағылармен оңай тіл табысып, жан-дүниесін жақсы түсіне алады. Сондай-ақ, қиын сәттерде жанынан табылып, көмек қолын созуға дайын. Қазір мергендердің төңірегінде оның қолдауына мұқтаж жандар бар. Дәл осы кезеңде олардан көмегіңізді аямасаңыз, болашақта көлемді істеріңізде міндетті түрде жаныңыздан табылып, демеу болады.
Тауешкі. 2018 жылдың қыркүйек айында тауешкілердің өмірі тосын әрі қуанышты жайттарға толады. Олардың дені қызметіңізбен байланысты. Алайда бұл айда жеке өміріңіз бен денсаулығыңызға мән бергеніңіз абзал.
Күздің алғашқы айы аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне жағымды көңіл-күй сыйлайды. Алайда ай соңында еткен еңбегіңіздің жемісін жегіңіз келсе, ай бойы босаңдық танытпаңыз. Қыркүйектің алғашқы жартысында ойға алған жоспарларыңыз айналаңыздағыларға маңызсыз әрі түкке тұрғысыз болып көрінуі мүмкін. Тіпті, кейбірі оны жүзеге асыру қолыңыздан келмейді деп ойлайды. Алайда тауешкілердің бұл жағдайға мән бермегені жөн. Керісінше, адамдарды сенімсіздігінен күш-қуат, ынта-жігер алып, қолға алған дүниеіңіздің бәрін іске асырып, мақсатыңызға жетуге күш салыңыз.
Айналаңыздағы кейбір адам сіздің орныңызға шешім қабылдауға тырысуы мүмкін. Алайда оған ашуланып, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Сонымен қатар бұл айда бейтаныс жандарға ішкі сырыңызды, жопсарларыңызды айтпаңыз.
Суқұйғыш. Биылғы жылдың қыркүйек айы суқұйғыштар үшін маңызды оқиғаларға, жағымды әрі жағымсыз жайттарға толы болады. Әбігерге түсіп, өзіңізді бітпейтін шаруалардың ортасында қалғандай сезінесіз. Алайда қолға алған ісіңіздің бәрі табысты болып, сәттілік серігіңіз болғанын қаласаңыз, жүрегіңіздің үніне құлақ асып, асығыс шешім қабылдамауға тырысыңыз.
Бұл айда құрған жоспарыңыздың бәрін қайта ойластыруға мәжбүрлейтін жағдайлар орын алады. Қол ұстастқан адамыңыз өзін басқа қырынан танытатындықтан, жеке өміріңізде үлкен өзгеріс күтіп тұр. Бәлкім, серігіңіз біраз уақыттан бері өзгеріп жүрген болар. Алайда оны енді ғана байқауыңыз мүмкін. Десе де бірден асығыс шешім қабылдамай, сүйгеніңізге мүмкіндік беріп, өз әрекетінің себебін түсіндіруіне жол беріңіз. Сонда ғана оның және өзіңіздің өміріңізде болып жатқан жайттарға тереңінен бойлап, көп дүниені түсіне аласыз. Ал егер сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды үзгіңіз келмесе, қандай қателігі болса да, кешіріңіз.
Сонымен қатар бұл айда шығармашыл суқұйғыштардың мансабында күтпеген ұсыныс пайда болады. Сондықтан өзіңіздің қызықтырған ұсыныстан бас тартпай, жаңашылдыққа дайын болыңыз.
Балықтар. 2018 жылдың қыркүйек айы балықтар үшін тыныш әрі жайлы болады. Сондықтан ай бойы көңіл-күйіңіз жақсы болатынына сеніңіз. Ал сәттілікті үркітіп алмас үшін, тосын шешім қабылдап, тосын қадам жасамаңыз. Әсіресе, жеке өміріңізде әр әрекетіңізге мұқият болыңыз. Бұл ай бәрін саралап, өз орнына қоятын уақыт емес.
Қыркүйек айы балықтар үшін биылғы жыл ішіндегі ең жайлы кезең болмақ. Қолға алған кез-келген ісіңіз жүзеге асып, жолыңызда ешқандай кедергі кездеспейтін болады. Ал бос уақытыңызды толықтай өзіңізге арнай аласыз.
Шығармашыл балықтар үшін бұл ай табысты болады. Осыған дейін қолыңыздан келмей жүрген дүниелерді жүзеге асыру мүмкін болады. Сондықтан еш қорықпастан, кез-келген істі бастауыңызға әбден болады. Осы  ай бойы жасаған бар еңбегіңіз болашақта пайдасын әкеліп, жемісін берері сөзсіз.
Ал отбасылы балықтар үшін айдың екінші жартысы жағымды болады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы досыңызбен кезіге алмай жүрген болсаңыз, онымен қарым-қатынасыңызды қалпына келтіре аласыз. Және көп демалуға да мүмкіндік туады.
Әзірге жұмысыңызды айтулы өзгерістер болмайды. Бастысы өз ұстанымыңызды көрсететін жерде қапы қалмаңыз.



Stan.kz









03 қыркүйек 2018 ж. 1 051 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930