» » Қазақстандықтар төлем карталарынан ақшаның жоғалып кеткеніне шағымдануда

Қазақстандықтар төлем карталарынан ақшаның жоғалып кеткеніне шағымдануда

Ондаған адам әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында түнгі уақытта түсініксіз транзакциялардың жасалынғанын жазып, шағымданды. Кейбір адамдардың ақшасы қайтарылған, ал кейбір адамдардікі қайтып төлем карталарына түспеген.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың сөзінше, банк осы мәселені шешіп, ақшаны қайтарып беруге уәде береді. Дегенмен түнде жоғалған ақшаның саны өсіп келеді. Ал адамдар болса “ұл шынымен де жүйенің ақауы ма?”, “транзакция неге түнгі уақытта жасалынды?” , “осы жағдайға адамдық фактордың қатысы болу мүмкін бе? “, ” мүмкін қаржылық тергеу жұмыстарын жүргізу керек шығар” деп пікірлерін білдіруде.
“Егер ешқандай хабарлама келмесе, олар тұтынушыға зақым келтіруде. Осы жағдайда тұтынушы оған келтірілген зақым үшін оларды жазаға тарта алады. Кез келген жағдайда, ең алдымен Ұлттық банкке бару қажет. Олардың ісі дұрыс не бұрыс екенін анықтап алған жөн. Сосын сотқа дейінгі шағымдаманы жіберу керек. Егер бұл мәселе сотқа дейінгі тәртіпте шешілмесе, сотқа арыз жазылады. Мәселе сотта шешіледі”, —дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын Ұйымның басшысы Жаслан Аймағанбетов.
 
Источник: Stan.kz
09 қыркүйек 2018 ж. 671 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30