МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕЙІ
Ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосып жүрген мұнайшылар қауымы күздің алғашқы айында кәсіби мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын Сыр өңірінде мұнай кеніштерін игеру басталып, арнайы мекемелер құрылды. Бүгінде облыс аумағындағы 14 компания 49 кеніште «қара алтын» өндіреді.
Кеше Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін мұнай құрайтындықтан, бұл мерекенің ерекше екенін атап өтті және сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
– Тәуелсіз Қазақстанда мұнай-газ саласы ел экономикасының көшбасына шықты. Соңғы 30 жылда мұнай мен газ кластері, оның ішінде мұнайлы, ілеспе газды және конденсат өндіру, сондай-ақ, мұнай өңдейтін зауыттар мен кәсіпорындар да қалыптасты. Қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемі төмендеуде. Сондықтан кәсіпорындардың алдында тұрған негізгі міндет – игерілетін өнімдік қабаттардан мұнай алу мүмкіндігін барынша арттыру. Бұл өндірілген шикізат көлемін ұлғайтуға бағытталған заманауи құрылғылар мен ең озық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Аймақтың экономикасын әртараптандыру мақсатында металлургия, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп кешені, шағын бизнес және туризм салаларын дамытудамыз. Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім аймақта 65 процентке өсті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 2017 жылы 68 процентке, ал жалпыөңірлік өнім құрылымында өндіріс үлесі 5 жылда 2 есеге артты,– деп атап өтті аймақ басшысы.
Мерекелік жиында мұнайшыларды ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев құттықтады.
Шара барысында аймақтағы мұнай-газ саласының үздік қызметкерлері Қызылорда облысының, ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, төсбелгілермен марапатталды. Мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір 1