Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады
Синоптиктер алдағы тәуліктерде ауа температурасының төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Синоптиктер 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.Қазгидрометтің мәліметінше, бірнеше күнгі жылы әрі құрғақ ауа райынан соң солтүстік облыста атмосфералық фронттармен циклон араласады. Сол себепті алдағы үш күнде солтүстік, орталық облыста жаңбыр жауады. 22 қыркүйекте нөсер жауын жауады деп болжануда.
Суық фронттың әсерінен оңүстік, оңтүстік-шығыста да аздаған жауын жауады. Күн күркірейді. Жаңбырдан соң ауа температурасы қалыптан 2…4°С төмен болады.
Stan.kz