АҚШ сапары: айтулы алты келісім
1. Қазақстанның әуе паркі Boeing 737 MAX 8 және Boeing 787 Dreamliner ұшақтарымен толығатын болды. Тапсырыс көлемі – 9 ұшақ.
2. Еліміздің темір жолдарында 2019 жылдан бастап General Electric компаниясының тіркемелі локомотивтері жолаушы тасымақ. Теміржол паркіне қосылатын GE локомотивтерінің саны – 300.
3. Қазақстанның денсаулық сақтау қызметін дамытуға АҚШ-тың сырқаттарды бақылау мен алдын алу орталықтары септеседі. Nazarbayev University – University of Pittsburgh Medical Center (UPMC) халықаралық онкоорталық құруға жұмыс жасауда.
4. Елімізде дәрі-дәрмекті тасымалдау мен сақтау үшін салқындату жүйелерін дамыту бойынша алғашқы қадам – «Pfizer» компаниясымен түсіністік меморандумына қол жетті.
5. Chevron мен Қазақстан еліміздегі біріккен жобалардан түскен 251 миллион долларды мұнай мен газ жобаларына қайта инвестициялауда өзара түсіністік тапты.
6. АҚШ Қазақстанда ағылшын тіліне қолжетімділікті жақсарту бағдарламасына ресурстық қолдау көрсетпек. Биылдан бастап америкалық мұғалімдер өңірлерде ағылшын үйретіп, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 480 балаға тіл үйрену стипендиясы бөлінбек.