» » Ұлттық ойындар ұлықталды

Ұлттық ойындар ұлықталды



Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған ұлттық спорт ойындарына еліміздің 9 облысынан 100-дей шабандоз жиналды. 
Жиналған жұртшылық тағатсыздана күткен аламан бəйгеде жамбылдық Дамир Саймасайдың "Аспарханы" мəре сызығын қиды. Тай бəйгеде алматылық шабандоз Бақыт Сəдуақастың "Хантəңірі", құнан бəйгеде Алматы облысынан Жұматай Ақжолдың "Нұрқасқасы", топ бəйгеде алматылық Бақыт Сəдуақастың "Көкдауылы" аттары бірінші болып келді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақы берілді. 
Жеңімпаздар: аламан бəйге - 8 млн. құнан, топ бəйгелер - 4 млн. тай бəйге - 800 мың теңге сертификаты табысталды. Бұл бұрын-соңды болмаған жүлде қоры.
Бəйге түйе палуандар сайысына жалғасты. Бұл сайысқа 24 палуан қатысып, жүлделі орындардың барлығы (1-3 орындар) жерлестеріміздің еншісінде болды. 
Қазақстан Барысы Еламан Ерғалиев жарыс жеңімпазы атанып, 2 млн.800 мың теңгенің сертификаты табысталды. Екінші орынды Мақсат Исағабылов (800 мың), үшінші орынды Айбек Серікбаев (400 мың) еншіледі. 



http://www.syrboyi.kz

30 қыркүйек 2018 ж. 867 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930