» » «НАРКОМ ЖҮРГЕНОВ» ПЬЕСАСЫ САХНАЛАНДЫ

«НАРКОМ ЖҮРГЕНОВ» ПЬЕСАСЫ САХНАЛАНДЫ



Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына орай жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» пьесасы Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде сахналанды.


Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы Тажмаханов облыстық Н.Бекежанов атындағы ұжымға алғысын білдіре отырып, - Қазақ топырағынан шыққан даңқты ұлдың есімін ел есінде мәңгілікке қалдыруға, қазақ халқының өшпес шырағы болған Темірбек Жүргеновке арнап қойылған спектакль Жалағаш ауданы үшін тарихи тағылымы мол қойылым болғаны сөзсіз. Аталмыш тарихи драма барша ұрпақтарының Темірбек Жүргеновке жасаған тағзымы деп білеміз – дей келе, театр ұжымына аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.


Темірбек Жүргеновтің өмірі мен шығармашлығынан сыр шертетін «Нарком Жүргенов» спектаклі көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
17 қазан 2018 ж. 1 152 0