» » Алдағы үш күнде елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері Баренц теңізінен елімізге арктикалық ауа массасы келеді. Соған байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында нағыз қыс орнайды деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасаған NUR.KZ.ÃÂéÃÂýõúàÃÂþÃÂþ: goodfon.ru
Синоптиктердің хабарлауынша, қазір Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары. Алайда, 8-10 қараша аралығында сынап бағанасы күрт төмендеп, нормадан 3-8 градусқа төмен болады.
Сондай-ақ, елде жауын-шашын күтіліп, түрлі аймақтарында көктайғақ болады.
Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығы қар жауып, боран болуы мүмкін. Синоптиктер солтүстік-батыста жел күшейетінін де айтып отыр.
Бұл аймақтарда ауа температурасы түнде 10-15 градусқа дейін төмендесе, кейбір аудандарда 20 градус аяз болады деп күтілуде.
08 қараша 2018 ж. 604 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 635

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31