» » Жаңа жылдың алғашқы тумалары

Жаңа жылдың алғашқы тумалары

Жаңа жыл да есіктен енді. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп, жан жадыратар жаңалықтарға үміт артамыз. Ал осы жыл тоғысында қанша сәби өмірге келді деген ой әрбіріміздің көкейімізде тұрады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған деректе,  2019 жылдың 1-3 қаңтар аралығында облыс бойынша 142 нəресте өмірге келіпті. Оның 66-сы ер бала, 76-сы қыз бала.
Мәселен, Қызылорда қа­ла­сындағы Ана мен бала орталығында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні барлығы 11 сәби дүние есігін ашқан. Жаңа жылдың алғашқы тумасын Шіркейлі ауылының тұрғыны Жайнагүл Ермашова дүниеге әкелді. Ол 31-нен 1 қаңтарға қараған түні сағат 00.05-те аман-есен  қыз бала босанды. Бұл отбасындағы төртінші қыз бала екен. Дәрігерлердің айтуынша, ананың да, баланың да жағдайы жақсы.
Онан бөлек перинаталды орталықта жаңа жылдың қарбаласында 10 бала дүниеге келген. Аудандар арасында Жаңақорғанда 31 жетоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 7 сәби туылған.
Ал, өткен жылдың жаңа жылы түні, яғни, 1-2 қаңтарда облыс бойынша 62 нәресте өмірге келген болатын. Оның 31-і ұл, 31-і қыз бала. «Ит жылы – құт жылы»  болып, тумалар сапын егіздер бастаған еді.
Халқымыз қыз бала дүниеге келсе, «бейбітшіліктің белгісі» деп жақсылыққа балайды. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өмірге келген нәрестелер сапында қыз балалардың үлесі басым екенін байқадық. Ендеше табалдырықтан аттаған жыл жайлы, берекелі болады деп сенеміз. Ең бастысы, тәуелсіз еліміздің ертеңі – сəбилердің бауы берік болсын!
Айнұр БАТТАЛОВА.
04 қаңтар 2019 ж. 1 083 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30