» » «7-20-25»: АВТОКӨЛІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУдің тиімді тетігі

«7-20-25»: АВТОКӨЛІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУдің тиімді тетігі


Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев отандық автомобильді сатып алуға кредит берудің жаңа бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасының тапсырмасын орындау­ үшін Ұлттық банк қаржы секторын қа­лыпқа келтіру саясатын жал­ғас­тырады. Қа­дағалау бойынша ха­лықаралық прак­тиканы енгізуді жал­ғас­­тырамыз. Оның ішінде тәуекелге бағ­дарланған не­­­гізде кредиттеуді арттыруда ­ма­ңыз­­­ды қа­дамдардың бірі – кепілді кре­ди­­тор­­лардың абсолютті басымдығы бо­­й­­­­­­­­ынша заңнамалық түзетулер. Бұл тү­­­­­­зетулерді заңнамаға енгізу керек. Бұл түзетулер кредиторлардың кә­сі­­­­­порын банкроттығына мүдделілігін арт­­­­тырады. Нақты секторды қалыпқа келтіреді. Экономикалық айналымға ке­­­­піл мүлкін тартуға мүмкіндік береді»,–деді ол. Оның айтуынша, Ұлттық банк 2019 жылы банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау жұмысына дай­­ындықты бастайды. Бұл мәселені банк­термен талқылау жүргізіліп жатыр. «7-20-25» бағдарламасы сияқты біз халықтың отандық автомобильді сатып алуына кредит беру бағдарламасын әзір­­­леуге дайынбыз. Бұл үшін жұмысты ме­млекеттік органдар және банктермен бірінші жартыжылдықта пысықтаймыз. Бағ­­­­дарламаны екінші жартыжылдықта іске қосуға дайынбыз», – деді Данияр Ақышев.
09 ақпан 2019 ж. 723 0