» » Мемлекет басшысының мәлімдемесі

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐÑезиденÑ

Құрметті қазақстандықтар!
Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдағалы отырмын.
Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды.
Бұл – әрине, жақсы кезең.
Бірақ, бұл қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз.
Мен ұсынған Үшінші жаңғыру және «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» құрылымдық реформаларды жедел жүзеге асыруға бағытталды.
Бес институционалдық реформаның толық іске асырылуы шағын және орта бизнестің үлесін түбегейлі арттыруға және экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін азайтуға, банктерді «тазартуға», соттарға және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттыруға  тиіс.
Қабылданған заңдарға, Үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді.
Ішкі жалпы өнім негізінен шикізат ресурстары есебінен өсті.
Бірақ, Үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмады.  
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты. 
Өнімді жұмыс орындары жеткілікті түрде ашылмай отыр. Бұл әсіресе ауылдық жерлерге қатысты. Шағын және орта бизнес өсімнің қозғаушы күшіне және оны дамыту ісі әкімдер мен министрлердің негізгі міндетіне айналмады.
Мен тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасы әрбір Үкімет мүшесі мен әрбір әкімнің жұмысындағы негізгі басымдық болу керек деп бірнеше рет айттым.    
Екі жыл бұрын біз конституциялық реформа жүргіздік. Осыған орай Үкімет әкімдермен бірге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, оған жауап беру үшін барлық тиісті өкілеттік пен дербестікке ие болды.
Индустриалды, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға қатысты барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы бөлінді.
Дегенмен, жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. 
Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.
Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді.
Бұл ретте, мен ел Президенті әрі Конституцияның кепілі ретінде халықтың мүддесін ескере отырып, мынадай шешім қабылдадым.
Үкімет отставкаға кетуге тиіс деп санаймын.
Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы ынталандыру, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар әзірлеуге тиіс.
Мен «Нұр Отан» партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады.
Бұл қаражат мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
1. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту.
2. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру.
3. Өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгерту.
Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.
Үкімет пен өңірлердің иелігіндегі қаражат көзделген мақсатқа сай жұмсалмай отыр. Мұның бәріне бақылау орнатылады. Осы бағыттар жөнінде «Нұр Отан» партиясының съезінде толығырақ айтылатын болады.



http://www.akorda.kz
21 ақпан 2019 ж. 569 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930