» » КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖӘНЕ ҚОЛДАУ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖӘНЕ ҚОЛДАУ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

“Қазіргі кезде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті 111 мыңнан астам отбасы (571,6 мың адам) алады. Аз қамтылған, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қамту аясын кеңейту үшін Үкіметке атаулы көмек көрсету өлшемдерін ең төменгі күнкөріс шегінен (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін) 70 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балалы отбасыларды адрестік қолдау үшін көпбалалы отбасындағы әрбір балаға төленетін ең төменгі төлемді 20 789 теңге көлемінде белгілеу керек. Әлеуметтік көмек тағайындаудың барлық үдерістері барынша жеңілдетілуі және проактивті форматқа көшірілуі тиіс”.
Бұл жолдар Елбасының “Нұр Отан” партиясының ХҮІІІ съезінде сөйлеген сөзінен алынып отыр. Қазір елімізде ең көп талқыланып жатқан мәселенің бірі осы. Екі адамның басы қосылса “Президент үлкен қолдау жасап жатыр” не болмаса “21 мың теңгеге ілігетін шығарсыңдар?” деген сөздерді айтып жатады. Жұрт “қашан аламыз?”, “Мұндай көмек қашан беріледі?” деп жүргенде Мемлекет басшысы жиын өткізіп, 1 сәуірден бастап берілуі керектігін назарға салды. Ал, бұл көпбалалы аналарға қуаныш сыйлаған жаңалық болды. Аталған жиынға ҚР Премьер-Министрі А.Мамин, Президент әкімшілігінің басшысы Ә.Исекешев және Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова қатысты.
«Нұр Отан» партиясының жақында өткен съезінде әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуы қарастырылғаны көпшілікке аян. Қазақстан Президенті тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ұсынған болатын. Басқосуда соларды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірлерде жалақыны өсіру жөніндегі шараларды уақытылы қабылдаудың, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі реформалар жүргізудің, тұрғын үйлер мен ішкі аудандық жолдарды салу қарқынын күшейтудің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен экология проблемаларын шешудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Құтты мекен» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Қарап отырсақ, жиында аз мәселе қамтылмаған. Осылардың ішінде “Көмекке аса мұқтаж және көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден кешікпей әлеуметтік көмек алуы қажет”, – деген Президенттің сөзі көпбалалы аналарға үміт сәулесін сыйлады. Елбасы тапсырмасына сай еліміздегі барлық аймақта осы шараға дайындық басталды. Бұл дегенің көпбалалы аналар қамқорлық пен қолдаудан кенде болмайды деген сөз.

Азиз БАТЫРБЕКОВ.

12 наурыз 2019 ж. 1 143 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930