» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 22 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты
Жағымды жаңалыққа толы күн. Бүгін белсенді боласыз. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.

Торпақ
Сізді бүгін тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңізде мол қаражатты жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз жүргізуде өзіңіздің қулығыңызды асырасыз.

Егіздер
Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табатын күн. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз нағыз сөз байласатын уақыт. Бүгінгі күн қандай істі болмасын бастауға өте қолайлы сәт. Көптен бері ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз.

Шаян
Өте керемет күн. Сауда жасауға да қолайлы. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Бұл күні көбісі сізге қызыға қарайды. Әсіресе ер адамдар нәзікжандарға жақсы көзқараста болады.

Арыстан
Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен ара-қатынас сәл «суып», түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.  

Бикеш
Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ жоспарларыңызды құпия ұстап, ешкімге тіс жармаңыз. Тіпті, достарыңызға да сыр алдырмаңыз.

Таразы
Көлік алуға сәтті күн. Сонымен қатар жағымды жаңалық естіп, белсенділік танытасыз. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.

Сарышаян
Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселелердің барлығын тез арада шешіп отырыңыз.  Бастысы шешімді дұрыс шығара біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды.

Мерген
Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек.

Тауешкі
Бастаған істеріңіз алға жылжиды. Бұл қарсыластарыңыздың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғалармен сөйлескенде абай болыңыз. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» демекші, аңдамай сөйлеп, олардың көңілін түсіріп алмаңыз.

Суқұйғыш
Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Өзіңізден жасы үлкен әріптестеріңіздің арқасында қызметте жоғарылауыңыз да ғажап емес.

Балықтар
Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестеріңіздің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.
22 наурыз 2019 ж. 359 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930