» » Әдеп кодексі-Әдептілік негізі

Әдеп кодексі-Әдептілік негізі

Ұлт жоспары – Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» - Бас құжаттың алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталады. Осыған орай, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Жүйедегі өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырып, мемлекеттік менеджменттің, халықтың алдындағы абырой-беделін көтеріп, оның сапалы моделін жасауға бағытталған.
  Мемлекеттік қызметтің жаңа принциптері тиімділік, нәтижелілік, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушілік сияқты бірқатар ізгілікті құзыреттермен толықтырылған.Сондықтан, олардың бойында коммуникативтілік, ұйымдастырушылық, ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық – логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының ішінде, әсіресе, әдеп мәселесінің маңызы зор деп айтсақ болады.
   Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексін ұстануы міндетті. Оның ішінде қызметкердің сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзін іскерлік стильге сай ресми түрде ұстауы міндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші еліміздегі тілдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әділде заңды шешімдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшін біреуді қудаламауы және мемлекет меншігін тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек мемлекеттік қызметші жемқорлық фактісіне қатысты, тіпті, есімінің аталуына жол бермеуі, қол астындағыларды кемсітпеуі және қызметкерлердің барлығына құрметпен қарауы тиіс.
   Мемлекеттік қызмет- бұл барлық мемлекеттік басқаруда жетекші рөлге ие, ең маңызды тетіктерінің бірі. Мемлекеттік қызметшінің моральдық бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінуінің себебі – оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін де жетілдіру. Себебі, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен білктілігіне және жүріс-тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны да белгілі.
  Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады.
   Бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне.

Ғазиз Арунов,
 аудандық қазынашылық басқармасының
Бас маман-бас қазынашысы.
28 наурыз 2019 ж. 1 006 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930