Президент әр балаға 21 мың теңгеден берілетін заңға қол қойды

"Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы жаңадан қабылданған "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" , - деп жазылған президенттің ресми сайтында.
Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін көтеруді Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының съезінде тапсырған болатын.