» » Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 4,5 млрд. теңге аударды

Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 4,5 млрд. теңге аударды

Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына Қызылорда облысының тұрғындары 258,2 млн. теңге аударды, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 наурызы аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгені құрады. Оның 96,5% жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 3,5 %  – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жалпы, бүгінде қазақстандықтар қорға 157,8 млрд. теңге аударды.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
09 сәуір 2019 ж. 716 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031