» » КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Ауылдық жерлерде экспортқа бағытталған бизнес пен кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бәйтерек» холдингі 13 мың жобаны субсидиялаған. Аталған холдинг үшін шағын және орта бизнесті қолдау басты мақсат болып отыр. Ол үшін еншілес ұйым «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жұмыс істейді. Қор нарыққа осыдан 25 жыл бұрын шыққан болатын. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов мәлімдеді.
Жиында мұнан бөлек «БЖК – 2020» бағ­дар­­ламасының жүзеге асуы «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қорының қызметіне кезек берілді. А.Әріпханов мемлекеттік бағ­дар­­лама аясында шағын және орта бизнес субъек­тіле­ріне кепілдік қамтамасыз ету жетпеген жағдайда несиелер бойынша субсидиялау және кепілдендіру түрінде қолдау алуға болатынын жеткізді. Сондай-ақ ол шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі экономика басым салалардағы бизнесті, экспорттық әлеуетті, жақын және алыс шетелдердің нарығына шығатын экспортшыларға қолдау барын тілге тиек етті. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері 13 мың жоба субсидияланып, 5 мың жоба кепілдендірілген.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы холдингтің бағдарламаларды іске асыру бойын­ша облыс әкімдіктерімен белсенді ынты­мақ­тастық орнатқанын атап өтті. Кәсіпкерлерге мұндай қолдау көрсету ел экономикасына ауқымды оң әсерін тигізері сөзсіз. «БЖК – 2020» бағдарламасы жүзеге асқан жылдары бағдарлама қатысушылары 900 млрд салық төлеген. Сондай-ақ 13,5 трлн теңгеге жуық со­маға өнім шығару қамтамасыз етілді. Ауқымды істі жүзеге асырудың арқасында 90 мыңнан астам жұмыс орыны құрылып, 312 мыңға жуық бос орындарға қолдау білдірілді.
Айта кетейік, «Даму» қорының желісі бойынша 18 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Қазақстанның 14 облысында кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтары жұмыс істейді. Іскер азаматтар үшін «Бір терезе» қағидаты бойынша барынша қолайлы жағдай жасалған. Орталықтың операция залдарында түрлі бағыттар бойынша кеңесшілер, сервистік компаниялар қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, екінші деңгейлі банктер мен «Даму» қорының өкілдері жұмыс істейді. Осы ретте А.Әріпханов кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылғаннан бері олардың базасында 349 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетілгенін, оларға 545 мың кеңес берілгенін жеткізді. Ал былтырдан бастап Қордың КҚКО базасында менеджерлер кәсіпкерлердің жоба­­ларына олардың өтінімдерін екінші дең­гейлі банк­тер мақұлдағанға дейін өзінің қолдау көрсету қыз­меттерін ұсынады. Былтырдан биылғы жылдың мамырына дейін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында 7,7 жобаға қолдау көрсетілген.
Баспасөз конференциясында А.Әріпханов Елбасының тапсырмасымен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы тағы бес жылға жалғасатынын айтты. Айналымдағы қаржыларды толықтыруға субсидиялау және кепілдендіру бойынша несиелер көлемін 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Алдағы уақытта несие мақсаттарының тізімі де кеңейтіледі. Яғни, енді қазақстандық және шетелдік франчайзингті пайдаланумен өзінің бизнесін бастайтын немесе жұмыс істеп тұрған бизнесінің жаңа бағыттарын дамытатын кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау қарқын алады. Бағдарламаға қатысушы операторлар арттырылып, оларға шағын қаржылық ұйымдар қосылады.
Мұнан бөлек холдинг «QazTech Ventures» АҚ еншілес ұйымы арқылы бизнес-инкубациялау жүйесін дамытады. Компания сыртқы сарапшыларды тартумен, жобаларды коммерцияландыру мәселелері бойынша инкубаторлардың жұмысына консультациялық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар бизнес-инкубаторлар резиденттеріне жобалардың гранттық қолдауға ие болуына ықпал ететін болады. Биылдың өзінде кемінде 3 бизнес-инкубаторды қолдау жоспарда бар екен.

«ЖЖ» ақпарат.

25 мамыр 2019 ж. 662 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930