» » "Біздің де адам секілді өмір сүргіміз келеді": Шымкентте бір отбасы шатыр астында тұрып жатыр

"Біздің де адам секілді өмір сүргіміз келеді": Шымкентте бір отбасы шатыр астында тұрып жатыр

Шымкентте бүтін бір отбасы далада қалды. "Барар жер, басар тауы" қалмаған Смайыловтар отбасы үш баласымен жаңбырлы күнде де шатыр астында күнелтіп жатыр.

shatyr
Он күннен бері олар ас-суды алыстан тасып ішіп, ашық аспан астында тамақ дайындап жүр екен. Ал, шиеттей балалар болса өз баспаналарының болғанын қалайды. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.  
"Мен шаршадым, шыны керек. 13 жыл болды отандасқанымызға. Біреудің қойын баққанбыз", - дейді көпбалалы ана.
Кеше ғана әлдекімнің баспанасын паналап келген Меруерт Архарбекова аяқасты далада қаламын деп ойламағанын айтады. Пәтер иесінің пәрменімен екі күнде үйді босатып, отбасымен далада қалыпты. Енді амалсыздан отбасымен әлі құжаты рәсімделмеген, бірақ кезінде жартылай ақшасын төлеп меншіктеп жүрген жер теліміне біржола көшіп келген.
shatyr
Смайыловтар отбасының қолға іліп алар бар дүниесі - азық-түлік, көрпе-төсек қана. Аз ғана ас ауқаттың өзін осы маңдағы мешіт қауымы жеткізіп берген. Қала берді, қалталы азаматтар өз қолымен әкеп тапсырыпты. Үй иесінің айтуы бойынша, жақын арада осы маңда тұрғын үйдің құрылысын бастамақшы. Сол кезде үйдің ішін жиһазбен қамтамасыз етемін дейді. Ал, оған дейін оттасымен осы жерде тұруға мәжбүр. 
Отанасы жауынды күнде көрген қорлығын айтып, жыламсырап қалды. Көктен сорғалаған нөсер жауын онсыз күнге күйреп тұрған шатырдың су тамтығын қалдырмапты. Көрпе-төсек, киім-кешек бәрі-бәрі малмаңдай су болған.
"Ұйықтаған жоқпын, балаларыма су тимесін деп, шатырдың ортасын көтеремін. Қатты жауын кезінде ыдыспен жүрдім, балаларға су тимесін деп сөйтіп жүрдік. Жаңбыр өтті де кетті ғой", - дейді тұрғын Меруерт Архарбекова.
Смайыловтар отбасы әлі күнге пәтер кезегіне тұрмағындығын айтып отыр. Себебі ұлтарақтай жер телімін сатып алу үшін кезінде несие алып, біреуге құжаттарын өткізіпті. Содан бері құжатсыз жүрген көрінеді. Отағасының тұрақты жұмысы да жоқ. Тек отанасының көше сыпырып тапқан ақшасын талғажау етеді. Бұған балалары да көндігіп кеткен. 
"Біз де ел қатарлы өмір сүргіміз келеді, негізі. Соған ақша болмай жатыр. Әкем ақша жинап жатыр үйдің құрылысына. Жер сатып алдық. Тас түсіріп, құрылыс бастағалы отырмыз", - дейді Диас Әбдіманап.
Отағасы жақын күнде тұрғын үйдің құрылысын бастамақшы. Бірақ қажетті қаражат тапшы екен. Ел-жұрт қолдау білдірсе, алғыстан басқа айтарым жоқ дейді.

stan.kz

04 маусым 2019 ж. 615 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930