» » "Соққыларын сезбедім": Головкин Стив Роллс туралы өз ойын айтты

"Соққыларын сезбедім": Головкин Стив Роллс туралы өз ойын айтты

Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жекпе-жектің төртінші раундында нокаутқа жіберді. Кездесу аяқталған соң, отандасымыз қарсыласына қатысты сұхбат беріп, жекпе-жектен алған әсерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзімді керемет сезініп тұрмын. Біріншіден, осы жерге келіп маған қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғыс білдіргім келеді. Сіздер бұл жеңістен рахат алдыңыздар деген ойдамын.Стив Роллс бірінші раундтарда өзін жақсы жағынан көрсете алды. Алайда, сосын мен оған қарап, бапкеріме оны ұстап алатынынымды айттым.Мен оған арақашықтықта кішкене жұмыс істеуге, қолынан не келетінін көрсетуі үшін мүмкіндік бердім. Оның соққыларым мүлде сезбедім" , - Головкин.

Қазақстандық спортшы рингке қайта оралып, өзін жасөспірім баладай сезініп тұрғанын айтты. Ол барша жанкүйерлеріне рахметін айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

"Менің кіммен жұдырықтасқым келетінін бәрі жақсы біледі. Мен Канеломен үшінші жекпе-жек өткізуге дайынмын. Сіздер де қалайсыздар ма? Онда бұл хабарламаны оған жеткізіңіздер! Мен оны жеңгім келеді" , - деді GGG.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарап кетті.

Оған қоса, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса, Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.



09 маусым 2019 ж. 862 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930