Қызылордада «жасыл белдеу» салынады
Қызылорда қаласы аумағында алдағы уақытта «жасыл белдеу» салынатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болатыны айтылған. Бұл мақсатта облыс орталығы аумағында 534 гектар жер бөлінеді. Аталған жобаны жүзеге асыру бағытында тиісті қаржы қаралып, бүгінгі күндері жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
«Жасыл белдеуді» орналастыру шаралары үш бағытта жүргізіледі. Алғашқысы - Жезқазған, екіншісі - Сырдария ауданы бағытын қамтыса, үшінші бағыты «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» бойынша жүргізіледі.
– Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен облыстың барлық елді мекенінде «жасыл белдеу» орнластыруға мән беріліп отыр. Оған жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралмақ, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев.
Айта кетерлігі, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ұшқан шаң мен тұзды тоқтату мақсатында соңғы 25 жылда 173 мың гектар аумаққа сексеуіл ағаштары егілді. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Биыл бұл аумақта 5 мың гектар жерге сексеуіл көшеттері отырғызылмақ.
Сондай-ақ, қазір ол өңірде Оңтүстік Кореяның орман шаруашылығы қызметімен бірлескен «Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорман мелиорациялық жұмыстарын жүргізу» жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 2018-2019 жылдарда сол аумақта 10 мың гектар сексеуіл егілді.