» » "Қазақ пен қала" байқауы жарияланды

"Қазақ пен қала" байқауы жарияланды

"Қазақ пен қала" байқауы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген осы мәселеге – қазақ әдебиетінің қала прозасы жанрын дамытуға үлес қосу.  
Байқаудың міндеті:  жазушыларға шығармашылық қолдау көрсету;  қазақ прозасының тақырыптық ауқымын кеңейту;  қазақ жазушыларын қала тақырыбын игеруге ынталандыру;  бүгінгі заманғы қала келбеті мен тыныс-тіршілігін әдеби шығармалар арқылы тарихта қалдыру.

 Байқаудың шарттары: Байқауға қатысушылар әдебиет пен мәдениеттің орталығы – Алматының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық шығармаларын жолдай алады;  байқау, жалпы, қала прозасына арналғандықтан, қала атының нақты аталуы шарт емес;  прозалық шығарманың көлеміне Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) 25 беттен аспауы керек:  байқауға лақап атпен ұсынылған шығарма қабылдандайды;  байқауға жолданған шығарма авторы суреті мен қысқаша өмірбаянын таныстырылым үшін жазып жіберуі шарт;  байқауға ұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;  байқауға қатысушылардың жасы 45 жастан аспауы керек;  шығармалар 1 шілдеден бастап 1 қазанға дейін қабылданады.
 Байқау жеңімпаздарын елге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушылардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.  Байқауға ұсынылған шығармаларды бағалау кезінде олардың:  көркемдік деңгейінің жоғары болуы;  қала прозасы жанрына қойылатын талаптарға сай болуы;  қала адамының психологиясы мен қала көріністерінің сенімді суреттелуі;  әріптік және стильдік қателіктердің болмауы талап етіледі.  Талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төмен шығармалар іріктеуден өтпейді.
  Байқауға ұсынылатын шығармалардың тақырыптық ауқымы:  байқау қатысушыларына тақырыптық шектеу қойылмайды; қала, урбанизация, урбанистік мәдениет тақырыбына арналған кез келген шығарма қабылданады.  Соның ішінде:  қазақ пен қала;  Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі;  тарих толқынындағы қала;  бүгінгі қала тіршілігі;  қаладағы жастар өмірі;  қазақтың қалаға бейімделуі;  урбанизация;  қала мәдениеті;  қазақ ұғымындағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала – қазаққа жау»; «қала – қазаққа жанашыр» т.б.);  қалада туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;  ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;  қылмысты қала (детектив) т.б.  Байқауға қатысу үшін:  шығармалар компьютерде теріліп, Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) жазылып, электронды нұсқада тиісті мекенжайға жолданады;  қатысушы аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты электронды нұсқада қоса жолдауы тиіс.  
"ҚАЗАҚ пен ҚАЛА" республикалық байқауының жүлде қоры:  1-орын – 1 миллион (1 000 000) теңге;  2-орын – 500 мың (500 000) теңге;  3-орын – 300 мың (300 000) теңге;  Сонымен қатар арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары бар.  Қосымша ақпарат: байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарға сай жазылған шығармаларды оқырмандар "Жас Алаш" газетінен оқи алады. Жоғарыда көрсетілген өлшемге сәйкес, алты беттен аспайтын шығармалар газет бетіне, алты беттен асатын шығармалар газет сайтына жарияланып отырады. Бұл өз кезегінде қазылар алқасының әділ шешім шығаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуіне ықпал етеді.  Байқау жеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған (газетте жарияланған) барлық шығармалар жинақталып, прозалық жинақ шығады.  Үміткерлер шығармаларын "Қазақ пен қала" байқауына қатысу үшін!" деген ескертпемен zhasalash2017@gmail.com электронды поштасына жолдайды.  
Байқау қорытындысы марапаттау рәсімінде ғана жарияланады. Марапаттау Алматы қаласында өтеді (өзгерістер болса арнайы хабарланады). Байқау жеңімпаздары анықталған соң, авторлар жеке хабарландырылады.  Мекенжай:  050044, Алматы қаласы  Достық даңғылы 97/Б үй, 7/3 кеңсе  Республикалық "Жас Алаш" газеті  Телефондар:  Қабылдау бөлімі – 8(727) 346-89-54  Электронды пошта: zhasalash2017@gmail.com

Дереккөз: 
massaget.kz
16 маусым 2019 ж. 734 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930