» » » Қадірлі "Жалағаш жаршысы" газетінің сүйікті оқырмандары!

Қадірлі "Жалағаш жаршысы" газетінің сүйікті оқырмандары!

Қадірлі "Жалағаш жаршысы" газетінің сүйікті оқырмандары!
Осыған дейін аудандық газеттің сайты мен басқа да әлеуметтік желілерде еліміз­ дегі жарияланған Төтенше жағдайға және өңірдегі санитарлық талаптарға орай елді мекендерге кіруге уақытша шектеу қойылғанын, соған сәйкес басы­ лымның таратылуында іркіліс болып жатқанын хабарлаған едік. Дәл қазір Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы өте күрделеніп тұрған жайы бар.
Осыған байланысты инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында осы жылдың 8-22 сәуір аралығында карантиндік режимді және тыйым салу шаралары бойынша облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (7 сәуір, 2020 жыл) «Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту туралы» қаулысы шығып отыр. Оның 9-пунктінде: «... карантин ке­ зінде республикалық, облыстық және жергілікті баспа басылымдардың тара­ лымын таратуды уақытша тоқтату және баспа басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларында, PDF форматта) жариялауды» атап көр­ сеткен. Осы қаулыны негізге ала отырып, «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты басы­ лымдардың қағаз нұсқасының уақытша тоқтағанын және оқырмандарымыздың аудан жаңалықтарын және газеттің PDF нұсқасын электронды сайтымыз (zhalagash-zharshysy.kz) бен әлеуметтік парақшалардан оқуына толық мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Сондықтан да бұл мәселеге газет оқырмандары түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз. Шынтуайтында денсаулық барша­ мызға керек. Бүгінде қаншама отанда­ сымыз індеттің алдын алуда, сондайақ дерт жұқтырғандарды сауықтыруға аянбай тер төгіп, еңбек етіп жатқан уақытта біз де олардың осы жұдырықтай жұмылған жұмысын жоққа шығармай, санитарлық талаптарды қатал түрде сақтап, ортақ тәртіпке бағынуға асығайық. Осылай еткенде ғана аты жаман аурудың бетін біржолата қайтарып, бұрынғы сәу­ лелі де жарық өмірімізге қайта оралмақ­ пыз.

«Жалағаш жаршысы» газетінің ұжымы
11 сәуір 2020 ж. 1 248 0