Жалағаш ауданының тұрғындары назарына!
Ауыл шаруашылығы жануарларын серуендету, жаю кезінде (айдап өткенде) тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иелері тікелей жауапты болады және көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға қатаң тыйым салынады.
Жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі айқындалған, мал жаятын орындардан басқа орындарда жануарларды жаюға рұқсат етілмейтінін ескертеміз.
Осының негізінде «Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 263 шешімі бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 408-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзғаны үшін облыстардың, республика-лық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығы және жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығы көзделген.
Жалағаш ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі