"Өмір белгісі жоқ": Қыдырәлі Болманов неден қорыққанын айтты
Мысыр елінде демалып жүрген Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы шөл далада түйемен қыдырып, Сафариге саяхат жасаған. Алайда Қыдырәлі Болманов шөл даланың қаншалықты қорқынышты екенін айтты. Бірақ, адамдар да осындай жерде өмір сүріп, бір күштің арқасында суға да өзгесіне де шыдап жүр деп таңқалды олар."Шөл дала деген ұғымның сонша қорқынышты екенін естіп жүрсек те, нақты білмеппіз. Көзбен көргенде ғана түйсінеді екенсің. Еш өмір белгісі жоқ, сирек жауатын жаңбыр болмаса бір тамшы су жоқ, бір түп шөп жоқ. Бірақ адамдар өмір сүреді. Құдіреті күшті Алла", - деп жазды Қыдырәлі Болманов.
Қыдырәлі Болманов шөл даладан қорыққанымен, Қарақат Әбілдина мен ұлдарына бұл саяхат ұнап қалған сияқты. Әнші түйеге отырғанына риза болғанын жазған.
"Сафарилетіп қайттық. Шаңдатып, шөл далада тау мен тасты аралаудың не қызығы бар деп ойлаушы едім. Көзбен көрген керемет әсерлі болады екен. Әсіресе ұлдарыма қатты ұнады. Мен түйеге мінгеніме мәз болдым", - деп жазды Қарақат Әбілдина.
https://stan.kz