"Неге атыма кір келтіресің": Бүркіттің қарындасы ашық образдары үшін ағасынан сөз естіген
Осыдан біраз жыл бұрын қара өлең оқып танылған Бүркіттің қарындасы бүгінде ашық-шашық образдарымен көзге түсуде. Елдің сынынан шаршаған Әсел Асқар көпшілікке ағасы Бүркіттің бұл ісіне қалай қарайтынын айтып берді деп жазады "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Оқырмандарымның 70 пайызы мені қолдап жүретіндер. Ал 30 пайызы хейтерлер. Оларға менің ашық-шашық киінетінім, орысша өлең оқып кеткенім ұнамайды. Қазір хейтерлерім көбейіп келе жатыр. Басында айтқан сөздері жүрегіме тиетін. Осы жайлы сұрақтар қойса, мен ренжіп, жылап қалатынмын. Қазір оған жұмыс ретінде ғана қараймын.Бүркіт ағамның атына тиіскен кезде ұнамайды. Одан соң менің абыройыма тиіп, "Балаңыз өскенде не ойлайды?", "Әке-шешеңіз осындай тәрбие берді ма?", "Бүркіт ағаңның намысы жоқ па?" деген сұрақтар ұнамайды", - дейді Әсел Асқар.Сондай-ақ әншінің қарындасы ағасымен осы мәселе төңірегінде бірнеше рет сөзге келіп қалғанын жасырмады.
"Шынымды айтсам, Бүркіт ағам екеуміз осы тақырыпта сөзге келіспей қалатынбыз. Айбек аға оған қатты ренжитін. "Сен не істесең де, ол сөздер маған тиеді. Ойланып жаса" деп ұрысатын. Ал мен қырсықпын, мінезім бар.Осы жылдың қаңтар айында мен ашық сурет жүктеп, қара нәсілді жігітпен бірге өлең оқыдым.Сол кезде ағам маған шетелден хабарласып, "Не сұмдық. Неге маған сенің суреттеріңді жібереді. Неге маған сондай сөздер жазады? Не ойлап жүрсің? Неге менің атыма кір келтіресің?" деп ұрысты.Ал мен ағамның кезінде өзіме айтқан "Өзің жұмыс жаса. Маған ешкім көмектеспеген. Өзің тырмыс" деген сөздерін еске салдым. Қазір ағаммен арамыз жақсы", - деді Әсел Асқар.