» » » Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

Forbes рейтингіне 30 жасында кәсіби қоғамдастықта беделге ие болған және бүкілресейлік немесе тіпті жаһандық деңгейде танымал болған адамдар кіреді.

Ресейлік Forbes "30 жасқа дейінгі ең перспективалы 30 ресейлік" жыл сайынғы рейтингіне үміткерлер тізімін ұсынды. Тізімге ТМД-да бірінші болып "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған қазақстандық DJ Imanbek (Иманбек Зейкенов) кірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ол "Музыка" санатында Слава Марлоу, Клава Кока, Хаски, LOVANDA, Cream Soda, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Дорамен бірге ұсынылған. Қазақстандық Иманбек Зейкеновке сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болады. Forbes рейтингіне 30 жасында кәсіби қоғамдастықта беделге ие болған және бүкілресейлік немесе тіпті жаһандық деңгейде танымал болған адамдар кіреді. 20 жастағы музыкант Иманбек Зейкенов беделді "Грэмми" байқауының сыйлығына ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды. Ол SAINt JHN-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі үшін марапатталды. Оған дейін Иманбек Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Музыкаға қатысты барлық білімді өзі бетінше алған.

26 сәуір 2021 ж. 267 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 1 669

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031